Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 536 Қаулысы (күші жойылды)

Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 536 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 50 Қаулысымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. «Білім беру мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 213 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 19-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 27 сәуірдегі

№ 536 қаулысымен

бекітілген

 

 

Білім беру мониторингін жүзеге асыру

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:

1) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

2) ұлттық жинақ - әкімшілік деректердің мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша іріктелген негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын ақпараттық статистикалық жария құжат;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку