«Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 30 наурыздағы № 18-02/144 бұйрығы (2016.29.03. берілген өзгерістермен)
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 30 наурыздағы № 18-02/144 бұйрығы
(2016.29.03. берілген өзгерістермен)
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 24-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспалары сериясының (топтарының), оның ветеринариялық нормативінің талаптарына сәйкестігін анықтайтын Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 415 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2117 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл № 9-10, 805-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 5 қарашадағы № 639 бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5892 тіркелген, 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 194 (1617) «Заң газетінде» жарияланған).
Демо – версия документа