«Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 76 Қаулысы (2012.24.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 76 Қаулысы
(2012.24.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 196 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап үш ай ішінде өз қызметін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 76 қаулысымен
бекітілді
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру
қағидалары
Документ утратил силу
Демо – версия документа