«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 82-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 82-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Мемлекеттік органдар тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 19 сәуірдегі
№ 82-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесi
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Еңбекмині | 2012 жылғы сәуір |
2. | Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы | Бұйрық | Еңбекмині, БҒМ, ДСМ | 2012 жылғы қыркүйек |
Демо – версия документа