«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының құрылымын, нысандарын, көрсеткіштер тізілімін бекіту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 52 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 140 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының құрылымын, нысандарын, көрсеткіштер тізілімін бекіту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 52 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 140 бірлескен бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 62 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 917 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 673 қаулысымен бекітілген мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау Қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының (бұдан әрі - Даму жоспар) құрылымы;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-28-қосымшаларға сәйкес Даму жоспарының нысандары мен көрсеткіштер тізілімі бекітілсін.
2. Осы бірлескен бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментіне (И.А. Шварцкопф):
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Заң департаментімен (Т.Ә. Тұрмағанбет) бірлесіп, осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Документ утратил силу
Демо – версия документа