Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

-

Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық,
орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың
және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысы

 

Осы редакция 2012 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны;

2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасының нысаны;

3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасының нысаны;

4) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есебінің нысаны;

5) жер қойнауын пайданалушылардың кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есебінің нысаны;

6) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 20 қыркүйектегі

№ 965 қаулысымен

бекітілген

 

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып

алудың жылдық бағдарламасының

нысаны

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку