(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.18.07 № 816 ҚАУЛЫСЫ
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 Қаулысы
(2011.01.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 816 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті
дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасы
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) ауыл кәсіпкерлері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) екінші бағытына қатысатын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы адамдар (бұдан әрі - адамдар) үшін кәсіпкерлік негіздерін оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге жәрдемдесу және инфрақұрылымды дамытуды жайластыру тәртібін айқындайды.
2. Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:
1) оқитын адамдарға (оқу орнына дейiн және керi жол жүруiне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйдi жалға алумен байланысты шығындарды өтеуге) субсидия бере отырып, кәсіпкерлік негіздерін оқыту;
2) микрокредит беру;
Редакция документа
Демо – версия документа