(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.01.12 № 1428 ҚАУЛЫСЫ
«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 Қаулысы
(2012.20.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 241 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын, оның ішінде 2012 жылға:
1) кірістер - 4 626 465 541 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 3 221 081 115 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 58 458 993 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 30 230 835 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 1 316 694 598 мың теңге;
2) шығындар - 5 270 477 113 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 55 975 074 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 179 973 564 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 123 998 490 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 75 607 234 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 76 117 234 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 510 000 мың теңге;
5) тапшылық - -775 593 880 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,6 пайызы;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 775 593 880 мың теңге.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
Редакция документа
Демо – версия документа