«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013-2014 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 360 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013-2014 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 360 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1783 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 - 2014 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 - 2013 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 267 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 318-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 360 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 - 2014 жылдарға арналған
перспективалық жоспары
Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | ||
Әділетмині | Үкімет | Парламент | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (жаңа редакция) | БП (келісім бойынша) | 2013 жылғы 1-тоқсан | 2013 жылғы 1-тоқсан | 2013 жылғы 1-тоқсан |
2. | Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі (жаңа редакция) | БП (келісім бойынша) | 2013 жылғы 1-тоқсан | 2013 жылғы 1-тоқсан | 2013 жылғы 1-тоқсан |
3. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | БП (келісім бойынша) | 2013 жылғы 1-тоқсан | 2013 жылғы 1-тоқсан | 2013 жылғы 1-тоқсан |
4. | Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі (жаңа редакция) | ІІМ | 2013 жылғы 1-тоқсан | 2013 жылғы 1-тоқсан | 2013 жылғы 1-тоқсан |
Документ утратил силу
Демо – версия документа