Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Алматы протездік-ортопедиялық орталығы», «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы», «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 345 Қаулысы (2020.27.03. берілген өзгерістермен)

«Алматы протездік-ортопедиялық орталығы», «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы», «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 345 Қаулысы

(2020.27.03. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы», «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы», «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамдары қосылу жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні жаңа әзірлемелер мен технологияларды енгізу, мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарын, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен аяқ киім жасау және өткізу, сондай-ақ протез жасау және протездік-ортопедиялық көмек көрсету саласындағы қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қоғамның жарғысын бекітуді;

2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) Қоғам акциялары мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді;

4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции