(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.29.04 № 464 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 464 қаулысымен
бекітілген
«Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды),
сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды,
жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.23.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.23.09. № 1090 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі — мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - Аумақтық инспекциялары) ұсынады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 32) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының;
2) «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1755 қаулысының негізінде көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа