«Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 321 Қаулысы (күші жойылды)
Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 321 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 321 қаулысымен
бекітілген
Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау тәртібін айқындайды.
2. Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау осы Қағидалардың 1-қосымшасына орай «А», «В», «С», «Д», «Е» санаттарындағы көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгілік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. «А», «В», «С», «Д», «Е» санаттарындағы көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау медициналық куәландырудан өткен және көлік құралдарын басқару тыйым салынатын медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар арасынан жүзеге асырылады.
4. Білім беру процесін ұйымдастыру оқу ұйымы дербес әзірлейтін және бекітетін әрбір пән бойынша оқу жоспарымен және бағдарламалармен, сондай-ақ көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың кесте-жоспарымен, сабақ кестелерімен және жүргізуді үйрету кезектілігінің кестесімен регламенттеледі.
1) өз құзыретіне жатқызылған функциялардың орындалуын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа