«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 48-ө Өкімі
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 48-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 48-ө өкімімен
бекітілген
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МГМ (жинақтау), ҚТҮКШІА, ЭДСМ | 2012 жылғы наурыз |
2. | Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздіктері жөніндегі талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТЖМ (жинақтау), ҚТҮКШІА, МГМ | 2012 жылғы наурыз |
3. | Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МГМ | 2012 жылғы наурыз |
4. | Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторға берудің тәртібі мен талаптарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МГМ (жинақтау), ЭДСМ, ИЖТМ | 2012 жылғы наурыз |
Демо – версия документа