«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 273 Қаулысы (күші жойылды)
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 273 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) бір ай мерзімде осы тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің стандарттарын әзірлесін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 273 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 шілдедегі
№ 745 қаулысымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі
Р/с № | Қызметтің атауы | Мемлекеттік қызметті алушылар | Мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуді қамтамасыз ететін орталық мемлекеттік орган | Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік орган, ведомстволық бағынысты ұйым, өзге де жеке және заңды тұлғалар | Өтініштер қабылдауды және ресімделген құжаттар беруді жүзеге асыратын ұйымдар | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны (электронды, қағаз түрінде), аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-бөлім. Жеке тұлғаларды, азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды, шетелдік азаматтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер |
Документ утратил силу
Демо – версия документа