(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 25 ҚАҢТАРДАҒЫ № 64 ҚАУЛЫСЫ
Әлеуметтік корғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға каржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., №29, 258-құжат), 1-тармағының, 3-тармағы 2) тармақшасының;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 1047 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 25 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және
материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау
ережесі
Редакция документа
Демо – версия документа