Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

-

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн
жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы
1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 Қазақстан Республикасының Заңы

(2011.22.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен актiнiң нысаны, тақырыбы және кіріспесі жаңа редакцияда, мәтінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

Осы Заң Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға әлеуметтiк кепiлдiктер берудiң ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негiздерiн белгiлейдi, сондай-ақ олардың құқықтық мәртебесiн айқындайды.

1 ТАРАУ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы заңдар

Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы заңдар осы Заңнан, Қазақстан Республикасының осы саладағы қатынастарды реттейтiн басқа заңдық және нормативтiк актілерінен тұрады.

2-бап. Осы Заңның қолданылу орны мен аясы

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бұрын қабылданған заң актілеріне сәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн пайдаланып келген соғысқа қатысушыларға, соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға осы Заң күшiне енгiзiлгеннен кейiн көшiп келген азаматтарға және кейiннен соғысқа қатысушы, соғыс мүгедегi және соларға теңестiрiлген адам мәртебесi белгiленетiн азаматтарға қолданылады.

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-бап. Жеңiлдiктер туралы заңдарды бұзғандығы үшiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку