?лы Отан со?ысыны? ?атысушылары мен м?гедектерiне ж?не солар?а
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға
теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды
әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247 Жарлығы
Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Президентiне және жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстарының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың әлеуметтiк қорғалу деңгейiн арттыру, сондай-ақ олардың құқықтық мәртебесiн айқындау мақсатында осы Жарлықты шығарамын. Ескерту: Әрi қарай текст бойынша - соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерi.
I ТАРАУ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және
соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен
оларды әлеуметтiк қорғау туралы заңдар
Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы заңдар осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасының осы саладағы қатынастарды реттейтiн басқа заңдық және нормативтiк актiлерiнен тұрады.
2-бап. Осы Жарлықтың қолданылу орны мен аясы
Осы Жарлықтың күшi Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бұрын қабылданған заң актiлерiне сәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi осы Жарлық күшiне енгiзiлгенге дейiн пайдаланып келген соғысқа қатысушыларға, соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға осы Жарлық күшiне енгiзiлгеннен кейiн көшiп келген азаматтарға және кейiннен соғысқа қатысушы, соғыс мүгедегi және соларға теңестiрiлген адам мәртебесi белгiленетiн азаматтарға қолданылады.
Демо – версия документа