(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2000.22.12 № 528 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан РеспубликасыНЫҢ Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорын құру туралы
(2007.07.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабын орындау үшін қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры (бұдан әрі - Қор) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қордың Жарғысы бекітілсін.
3. Мыналар:
1) Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады;
2) Қордың ақша қаражатын қалыптастыру көздері заңдарға қайшы келмейтін жарналар мен түсімдер болып табылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қордың 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2000 жылғы желтоқсанның 22-і.
№ 528
Президентінің
2000 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 528 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының
ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Бұдан әрі Қор деп аталатын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті құрған, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қор өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
3. Қор өз қызметін Қазақстан Республикасында және шетелде жүзеге асырады.
4. Қор қызметі еріктілік, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық принциптеріне негізделеді.
Редакция документа
Демо – версия документа