«Шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2012.08.10. № 1268 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген
«Шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәдениет басқармалары (бұдан әрі - басқарма) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 13-тармағының және «Шығармашылық қызметкердің мәртебесін растайтын куәлік беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № 17 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты www.e.gov.kz электрондық Үкімет порталынан, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарынан алуға болады.
5. Шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат (бұдан әрі - сертификат) беру не сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет шығармашылық одақтарда тіркелмеген, кәсіби немесе әуесқой қызметі көркем құндылықтарды жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын шығаруға немесе интерпретациялауға (аударуға) бағытталған жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
Сертификат белгіленген нысан бойынша қағаз жеткізгіште беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
Документ утратил силу
Демо – версия документа