«Жекелеген мемлекеттік кәсіпорындарды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Жекелеген мемлекеттік кәсіпорындарды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Әлемдік озық практикаларды ескере отырып, педагог кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, педагогикалық практикаға «өмір бойы оқу» концептуалдық тәсілін енгізу, педагог кадрларды кәсіби дамытуға инвестицияның барынша тиімділігіне қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Заңнамада белгіленген тәртіппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының коммуналдық меншігінен мүліктік кешендер ретінде берілетін мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі — кәсіпорындар) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына берілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кәсіпорындар қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру бойынша қажетті Іс-шараларды жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген кәсіпорындар қосылу және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
5. Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Қоғам қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
Демо – версия документа