(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2011.24.11 № 496-ІV ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2012 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 Қаулысын қараңыз
1-бап. 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 4 626 465 541 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 3 221 081 115 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 58 458 993 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 30 230 835 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 1 316 694 598 мың теңге;
2) шығындар - 5 253 430 873 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредит беру - 55 975 074 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 179 973 564 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 123 998 490 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 75 607 234 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 76 117 234 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 510 000 мың теңге;
5) тапшылық - -758 547 640 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,6 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 758 547 640 мың теңге.
2-бап. 2012 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 077 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 680 721 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2012 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:
бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдігі сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
Редакция документа
Демо – версия документа