(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ» 2005.21.02. № 3...
Қазақстан Республикасының
Заңы
Әскери полиция органдары туралы
(2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
4-тарау. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң кадр құрамы, әлеуметтiк және құқықтық қорғалуы |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi, ұлттық қауiпсіздiк және iшкi iстер органдары әскери полициясы органдарының (бұдан әрi - әскери полиция органдары) құқықтық негiздерiн, принциптерiн, мiндеттерiн және жүйесiн белгiлейдi.
1-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесi
Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсіздiк органдарының, Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнiң құрамына ұйымдық тұрғыдан кiретiн және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын арнайы әскери бөлiмшелер болып табылады.
2-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Әскери полиция органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар құрайды.
3-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң принциптерi
Әскери полиция органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, жариялылық, заң алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптерiне құрылады.
Редакция документа
Демо – версия документа