(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АНЫҚТАМА ҚР 10.07.98 Ж. № 279-II ЗАҢЫ
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 279-1 Заңы
(2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
3-тарау. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 1-бап өзгертілді; 2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлшек сауда - дәрігердің рецепті бойынша жеке тұтыну үшін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;
2) есірткілер - есірткі немесе психотроптық заттар ретінде жіктелген, оларды теріс пайдаланғанда туындауы мүмкін зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшін ықтимал қаупі бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген өсімдіктер, заттар немесе препараттар;
Редакция документа
Демо – версия документа