«Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1624 Қаулысы (2017.25.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1624 Қаулысы
(2017.25.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 434 Қаулысымен күші жойылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1624 қаулысымен
бекітілген
Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумағында радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Радиоәуесқойлық қызмет - тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалар жүзеге асыратын, өздігінен үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеу мақсаттарына арналған радиобайланыс қызметі.
Қағидаларда Қазақстан Республикасының радиожиілік бойынша Мекемеаралық комиссияның кепілдемелері және 1988 жылғы 9 желтоқсандағы Халықаралық электробайланыс одағының (International Communication Unit (ITU), Мельбурн) Радиобайланыс регламентінің ережелері ескерілген.
2. Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу тәртібі
Документ утратил силу
Демо – версия документа