«Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 Қаулысы (күші жойылды)
Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 348, 361 және 373-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны;
2) Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 16 қаңтардағы
№ 73 қаулысымен
бекітілген
Нысан
Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта
өңдеу шарттары туралы құжат
1. | Құжат берілген тұлға туралы мәлімет (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, СТН (заңды тұлға үшін), ЖСН, СТН (жеке тұлға үшін), банк деректемелері* |
|
2. | Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға туралы мәлімет (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, СТН (заңды тұлға үшін), ЖСН, СТН (жеке тұлға үшін), банк деректемелері* |
|
3. | Тауардың атауы |
|
4. | КО СЭҚ ТН бойынша коды, олардың мөлшері және құны |
|
5. | Сыртқы экономикалық мәміленің жасалғандығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер, оған немесе тұлғаның ниетін растайтын өзге құжатқа қосымшалар және (немесе) толықтырулар |
|
Документ утратил силу
Демо – версия документа