«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 180 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 180 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 Қаулысымен күші жойылды
Депозитарлық қызметті жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінде:
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алу ұйымы - уәкілетті органның лицензиясы негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - тіркеуші), банк-кастодиан, қаржы құралдарын есепке алу үшін орталық депозитарийдің атына жеке шоттар ашылған халықаралық және шетелдік депозитарийлер;»;
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.»;
1-тармағының cегізінші және тоғызыншы абзацтары 2011 жылғы 1 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылды
Документ утратил силу
Демо – версия документа