Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 Қаулысы (2014.22.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 Қаулысы

(2014.22.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Орталық депозитарийдің қызметті жүзеге асыру ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сай бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4265 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Орталық депозитарий 2009 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкестендірсін.

5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне, Орталық депозитарийге мәлімет үшін жіберсін.

6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ө.Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции