(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.06.06 № 541 ҚАУЛЫСЫ
Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 541 Қаулысы
(2009.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 6 маусымдағы
№ 541 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жемістер, көкөністер және оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне және тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.
Редакция документа
Демо – версия документа