«Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1702 Қаулысы (күші жойылды)
«Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1702 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 495-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1702 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 2030 қаулысымен
бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Документ утратил силу
Демо – версия документа