(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 2011.18.11 № 122 БҰЙРЫҒЫ
Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 122 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізуді одан әрі жетілдіру мақсатында, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі Нұсқаулық (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне орындау үшін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Редакция документа
Демо – версия документа