(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.2.06 № 454 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2011 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
№ 454 қаулысымен
бекітілген
Нотариаттық қызметті лицензиялау ережесі
(2008.28.03. берілген өзгерістермен)
1. Осы Нотариаттық қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және нотариаттық қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Нотариаттық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
3. Лицензиялары жоқ адамдардың («Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңының 1-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда) нотариаттық әрекеттерді нотариат туралы заңнаманың өзге де талаптарын бұза отырып жасауы және бұл әрекеттерден табыс алуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі
4. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрі - лицензия) нотариаттық қызметпен айналысуға ниет білдірген (бұдан әрі - өтініш беруші), белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін адамға беріледі.
5. Лицензия алу үшін өтініш берушілер лицензиарға мынадай құжаттарды береді:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) лицензия алу үшін аттестаттаудан өткені туралы әділет аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі - ӘАК) шешімі не өтініш берушінің ӘАК-да туралы шарттың көшірмесі;
Редакция документа
Демо – версия документа