(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.02.06 № 454 ҚАУЛЫСЫ
Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 Қаулысы
(2008.28.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі, «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Адвокаттық қызметті лицензиялау ережесі;
2) адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары;
3) Нотариаттық қызметті лицензиялау ережесі;
4) нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
1) «Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 60-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 518 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 269-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
№ 454 қаулысымен
бекітілген
Адвокаттық қызметті лицензиялау
ережесі
Редакция документа
Демо – версия документа