Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2006.20.02 № 126-III ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
 Заңы
 
Секьюритилендіру туралы

(2007.12.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Оригинатор және арнайы қаржы компаниясы

3-тарау. Секьюритилендіру мәмілелерінің ерекшеліктері

4-тарау. Қорытынды ережелер

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, секьюритилендіру кезінде талап ету құқығын басқаға беруді жүзеге асыру және арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарудың ерекшеліктерін айқындайды, оригинаторға қойылатын, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;

2) арнайы қаржы компаниясындағы бөлектеп есепке алу - арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін, облигацияларын (оның ішінде олар бойынша есептелген купонды) заңды тұлға ретіндегі арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік балансына енгізбеу;

3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары - эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар;

4) арнайы қаржы компаниясының өз қаражаты - заңды тұлға ретіндегі арнайы қаржы компаниясының активтері, міндеттемелері, меншікті капиталы және секьюритилендіру мәмілесі аяқталғаннан кейін алынған (шеккен) кірісі (залалы). Арнайы қаржы компаниясының өз қаражатына арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер, облигациялар (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) кірмейді;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку