(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007.21.07 № 298-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Мақта саласын дамыту туралы
(2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң мақта саласын дамытудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасында мақтаны өндіру, өңдеу, сақтау және өткізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кепіл куәлігін ұстаушы - кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде мақтаны кепілге ұстаушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
2) мақта тұқымы - шитті мақтаны бастапқы өңдеу кезінде алынған мақта ұрығы;
3) қойма куәлігін ұстаушы - кепілмен ауыртпалық жасалған мақта иесі; қойма куәлігімен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
4) линт - мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейін қалған тұқымның талшықты қабығы;
5) мақта - шитті мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;
6) мақта иесі - меншік құқығында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;
Редакция документа
Демо – версия документа