(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.25.02 № 181 ҚАУЛЫСЫ
Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасы;
2) жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-3-жолмен толықтырылсын:
«
17-3 | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті | жеке сот орындаушыларының қызметі
|
»;
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 25 ақпандағы № 181
бекітілді
Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Казақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау тәртібін анықтайды.
2. Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа