(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 2 МА...
Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысы
(2011.01.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Лицензиялау туралы » 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Білім беру қызметін лицензиялау ережесі;
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
№ 452 қаулысымен
бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Заңды тұлғалардың білім беру қызметі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Білім беру қызметінің мынадай кіші түрлері лицензиялануға тиіс:
мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың және балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
Редакция документа
Демо – версия документа