(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.13.08 № 692 ҚАУЛЫСЫ
Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның
патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі және азаматтық
пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі қызметті
лицензиялау ережелерін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 Қаулысы
(2011.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
3) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
4) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару және оның патрондары айналымының ережесінде:
2, 10, 11, 12-тараулар, 11 және 12-қосымшалар алынып тасталсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа