Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 16 ШІЛДЕДЕГІ № 700 ҚАУЛЫСЫ

Күзет қызметi субъектiлерінің қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгiлеу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 шілдедегі № 700 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Жеке күзетшiлердi, жеке күзет ұйымында, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшесiнде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшесiнде күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi (арнайы оқыту курсы) ретiнде «Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдары қауымдастығының мамандандырылған оқу орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi белгiленсiн.

2. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір қаулыларына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауiпсiздiктiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi № 1240 қаулысына:

2-тармақ алынып тасталсын;

2) «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiнде:

3-тармақтың бiрiншi абзацы «10» деген сандардан кейiн «10-1» деген сандармен толықтырылсын;

қосымшаға сәйкес 10-1-қосымшамен толықтырылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 16 шілдедегі

№ 700 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасындағы

қару мен оның патрондары

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку