(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.15.12 № 1251 ҚАУЛЫСЫ
Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 Қаулысы
(2008.13.11. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесі;
2) өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Аса маңызды объектілерді өрттен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі оны ұстауға көзделіп бекітілген штат санының лимиті мен қаражаты шегінде қорғайды деп белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1251 қаулысымен
бекітілген
Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының
тізбесі
Осы Тізбемен елді мекеннің мыналарды орналастыруға бөлінген қоныстану аумағының бөлігі айқындалады:
1. Тұрғын-үй қоры
Тұрғын үй ғимараттары.
2. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар
1. Білім беру, тәрбиелеу және кадрлар даярлауға арналған ғимараттар:
жалпы үлгідегі, мамандандырылған, сауықтыру және бастауыш мектеппен біріктірілген мектепке дейінгі балалар мекемелері;
жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер мен мектеп-интернаттар, мектепаралық оқу-өндіріс комбинаттары;
жұмысшы кадрларды даярлауға және қайта даярлауға арналған кәсіптік-техникалық училищелер мен оқу орындары;
орта арнайы оқу орындары;
жоғары оқу орындары;
мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арналған оқу орындары;
мектептен тыс мекемелер.
Редакция документа
Демо – версия документа