Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1391 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1391 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 282-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;

2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 30 қарашадағы

№ 1391 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 30 маусымдағы

№ 551 қаулысымен

бекітілген

 

 

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын

біліктілік талаптары

 

1. Осы Біліктілік талаптарында пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) ақшалай лотереялар - тек ақша түріндегі ұтысы бар лотереялар;

2) ақшалай-заттай лотереялар - лотереялардың нұсқаулық және әдістемелік материалдарда ақшалай баламада тіркелген ақша және/немесе мүлік (ақшадан басқа) түріндегі ұтысы бар лотереялар;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку