(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЕҢБЕК Ж/Е ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК... 30.07.04 Ж. № ...
Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 169-ө бұйрығы
(2007.11.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 13-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрату және алу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрінің
2004 жылғы 30 шілдедегі
№ 169-ө бұйрығымен
бекітілген
Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты сұрату және алу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеуді жүзеге асыратын әлеуметтік аударымдар төлеушінің (бұдан әрі - төлеуші) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуға және тегін алуға құқығы бар.
2. Алушының аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары
туралы ақпаратты сұрату және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың оны ұсыну тәртібі
Редакция документа
Демо – версия документа