(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2004.27.11. № 327 ҚАУЛЫСЫ
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 327 қаулысы
(2010.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, «Қазақстан Тізілімұстаушылар қауымдастығы», «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестіктеріне жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Редакция документа
Демо – версия документа