Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІНІҢ 2008.25.07 № 132...

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы 25 шілдедегі

№ 132 бұйрығымен

бекітілген

 

Осы редакция 2009 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік
 қауіпсіздік талаптары
 
Мазмұны

 

1-тарау. Жалпы талаптар

2-тарау. Бериллий өңдірісінің жері. Ғимараттар және құрылыстар

3-тарау. Өндірістік жайларға қойылатын талаптар. Жылыту. Желдету. Су құбыры және канализация. Жарық түсіру

4-тарау. Жалпы талаптар

5-тарау. Технологиялық бөлім

6-тарау. Өртке қарсы қорғаныс

7-тарау. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Қолданылатын қысқартылған сөздер

1 - қосымша

2 - қосымша Бериллий құрамындағы концентрациялардың шекті бекітілген деңгейлері

3 - қосымша Негізгі зиянды химиялық заттардың берилий мен оның қосылымдарының және қауіпті факторлар өлшемдерінің өндірісте қолдану кезінде жол берілетін концентрациялар деңгейлері

 

 

1-тарау. Жалпы талаптар

 

1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіруге таратылады.

2. Бериллий өндірісінің құрылысын салу, қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру және пайдалануға қабылдау мемлекеттік сараптамадан өткен жобалар бойынша орындалады.

3. Бериллий өндірістерінде аумақты, өндірістік және қосалқы ғимараттарды және құрылыстарды, төбені, еденді, жылыту, желдету, ауаны салқындату, жарық беру, ішкі су құбыры және канализация, сыртқы канализация желісін және құрылғыларды, өндірістік көлік және технологиялық құбырларды ұстап-күту және құрылыстық нормалар мен талаптарға сәйкес құрылыстық конструкцияларды коррозиядан сақтау бойынша шаралар жүзеге асырылады.

4. Барлық бериллий өндірістерінде төл құжат, формулярлар және (немесе) ғимараттар мен құрылыстарға, резервуарларға, технологиялық жабдықтарға, тежегіш құрылғыларға, тексеру (бақылау), басқару жүйелерінің аспаптарына, желдету және газдарды тазарту жабдықтарына берілген пайдалану құжаттары болады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку