«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 479 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 479 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы С. Б. Ахметовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
В. Божко |
Төтенше жағдайлар министрінің
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 479 бұйрығына
қосымша
Өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік актілер тізімі
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» бұйрығының Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы:
мынадай мазмұндағы 773-1, 773-2 және 773-3-тармақтармен толықтырылсын:
«773-1. Дәнекерлеу және газжалынды жұмыстарды аяқтаған соң дәнекерлеу және кесу орындары кемінде 2 сағат бақылаушы немесе арнайы бөлінген және нұсқауландырылған тұлға қадағалауында болады.
773-2. Жер асты өндірулері мен ұңғымаларда (шурфтарда) жалынды жұмыстар өндірісі үшін, ережедегідей электр дәнекерлеуді пайдаланады.
Газды дәнекерлеуге ацетилен, пропанбутан және басқа да жанатын көмірсутектерді пайдалануға рұқсат берілмейді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа