Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.04.03 № 225 ҚАУЛЫСЫ

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 Қаулысы

(2011.08.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру тетігін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 4 наурыздағы

№ 225 қаулысымен

бекітілген

 

 

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы

(бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)

 

1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама)

 

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезінде берген тапсырмасы. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі отырысының 2010 жылғы 6 желтоқсандағы хаттамасы

 

Бағдарламаны әзірлеуге

және іске асыруға

жауапты мемлекеттік

орган

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

 

Бағдарламаның мақсаты

Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

 

Бағдарламаның міндеттері

Жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді сауықтыру (оның ішінде қаржылық). Барынша мүмкін жұмыс орындарының санын сақтау.

 

Іске асыру мерзімі

2011 - 2016 жылдар

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку