«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 қарашадағы № 1355 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 қарашадағы № 1355 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1182 Қаулысымен 2017 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 19 қарашадағы
№ 1355 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру):
«Кіріспе» деген 2-бөлімде:
оныншы бөлік алынып тасталсын;
он тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекет, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер қатысатын заңды тұлғалар және олар бақылайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ шет елдер қатысатын заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.»;
жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте қаржы ұйымдарымен қаржыландыру туралы келісімдер жиынтығында 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгені құрайтын немесе одан асатын сомаға 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей жасалуы тиіс (2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей туындаған бұрын қабылданған міндеттемелерді қайта қаржыландыру жағдайларын қоспағанда) және олар бойынша болашақта оларды қайта құрылымдаусыз орындау проблемалы болып есептеледі деген негіздер болуы тиіс.
Документ утратил силу
Демо – версия документа