«Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қарашадағы № 1333 Қаулысы (күші жойылды)
Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қарашадағы № 1333 Қаулысы
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 12 қарашадағы
№ 1333 қаулысымен
бекітілген
Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу
қағидалары
1. Осы Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі
2. Мөрлер мен мөртабандарды дайындау бойынша штемпель-граверлік кәсіпорындарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ішкі істер органдары берген рұқсаттар бойынша заңды және жеке тұлғалар ашады.
3. Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашуға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына мынадай құжаттар:
1) қарамағында штемпель-граверлік кәсіпорын бар кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысы қол қойған, сақтау шарттары қысқаша сипатталған рұқсат берілгені туралы қолдаухат;
2) штемпель-граверлік өндіріске жауапты және жұмысқа рұқсаты бар адамға сауалнама;
Документ утратил силу
Демо – версия документа