Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1226 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1226 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Жүйелі және салыстырмалы талдауды жүзеге асыру, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, ұсынымдар әзірлеу қоғамның негізгі қызмет мәні ретінде айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында қоғамның мемлекеттік тіркелуін;

3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді;

4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции