(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2009.09.10 №...
Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қазандағы № 515 Бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа