«Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 Қаулысы (2014.19.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 Қаулысы
(2014.19.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 579 Қаулысымен күші жойылды
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысандары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2014.19.02. № 116 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен
бекітілген
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына
сәйкестігін растайтын құжаттардың
тізбесі
Р/с № | Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды: | Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Букмекер кеңсесі үшін | |||
1. | ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы; | меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
Документ утратил силу
Демо – версия документа